10:45
Лирика-21

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Білем анық не сен, не ешкім

Осы сәтте өзіңді мен сағынамын,

Ұшқындаттың жүректегі үміт шамын.

Білем анық – не сен, не ешкім,

Дем біткенше жалықпай-ақ тосамын.

Жайсаң жазбен жадырарсың әрлене,

Жасыл желек әлеміндей түрлене.

Білем анық – не сен, не ешкім,

Атқырмын мен саған қарай өршелене.

Жел есер төрт бағыттан алмакезек,

Сенсің, жаным, өлеңіме тиек, өзек.

Білем анық – не сен, не ешкім,

Бір болуға тағдыр берер бізге кезек.

Әр сәт сайын ой құрсайды сананы,

Жоспарлатар мынаны әм ананы.

Білем анық – не сен, не ешкім,

Сенен басқа тілемеймін жаңаны.

Абзалы, үміт серік жан-жүрекке,

Асылы, уақыт кетпес құр, текке.

Білем анық – не сен, не ешкім,

Екеумізге бір болуға керек те.

[       

Бірегейлік

Телефоннан нөміріңді мен теремін,

Дабылдардан дауысыңды мен күтемін.

Жанға жайлы демің менен дауысыңда

Бірегейлік атой салар қашанда.

Көп сәттерде табылмассың тілеуіме,

Түбінде, тура келеді жүдеуіме.

Әсем біткен кірпігің мен қасыңда

Бірегейлік жарқырайды-ау расында.

Сонда үміт үгіттейді, қайрайды,

Бұлбұлдайын әп-әдемі сайрайды.

Жарасымды мөлдіреген көздеріңде

Бірегейлік мөлтілдейді тегінде.

Аптап ыстық көлеңкеге тығады,

Күн сәулесін мір оғындай сұғады.

Наз иілген білегің мен саусағыңда

Бірегейлік айқындалар ақырында.

Күн соңынан әдетінше түн келер,

Өмір сахнасында асылым әсем билер.

Үйлесімді ернің мен жүзіңде

Бірегейлік асқақта да күлімде.

[       

Риторика

Қандайсың?

Нені армандайсың?

Қалай қиялдайсың?

Не ойлайсың?

Қайда бойлайсың?

Есіміңде нендей мән бар?

Жүзіңде қандай сән бар?

Жүрегіңде қай ән сырнар?

Жаның кімнің жанын аңсар?

Тәнің кімнің тәнін қалар?

Кеше ме?

Бүгін бе?

Ертең бе?

Жаз ба, күз бе?

Қыс па, көктем бе?

Ынтықтығың қалай гүлдер?

Гүлдегенде қай гүл гүлдер?

Нешеме түспен түрленер?

Бұл үрдісте гүлге кім нәр берер?

Гүлденген гүлді кім терер?

[       

Мен жұптастым өліара кезеңмен

Мен жұптастым өліара кезеңмен,

Болмасам да болғандаймын өзіңмен.

Жаңбыр жауды, құрғақ жерге тамшылап,

Сағынышым жүрегімді қамшылап.

Уақыт жылжыр тынымсыз құмсағаттай,

Көрмегелі жүзіңді болды-ау бірталай ай.

Телефоннан наз дауысыңды естіп жүрмін,

Міне, қазір жар басында тағы тұрмын.

Күн-күндердің зулағанын байқамаймыз,

Мән-қызықтың құмырасын шайқамаймыз.

Қорғанамыз, ілгерілеп қадам баспай,

Қарт Ертістей арагідік асып-таспай.

Жасыл желек көзге рахат сыйлайды,

Жалғыз жүрек сені аңсап тулайды.

Шаң басылды маңағы жаңбырдан соң,

Аксиома: қайсысы сол, қайсысы оң.

Мен жұптастым өліара кезеңмен,

Ашыламын, таусыламын қара өлеңмен.

Ақын емес, ақынға таман пендедей,

Қайталаймын «бар мәнділік сенде ғой» дей.

[       

Сен – жағасың, мен болайын – ақ шағала

 Жадыралы, жаздай жайсаң жастықта,

Түбінде, ләззат бар-ау удай мастықта.

Бал жаздың аптап ыстық мезгілінде,

Қимастық бар саған деген ынтықтықта.

Күні кеше жарқ-жұрқ еткен найзағайда

Үрейленді елді мекендер, қыр, тоғай да.

Шелектеп су төгілді сұр аспаннан,

Бұқара күтті жауынды осы айда.

Жылжып жатыр күн күнімен, түн түнімен,

Жаз көңілді ұшқан жәндік, құс үнімен.

Аспанды үзік-үзік бұлт жаулаған,

Кез келгенді айналдырарсың ажар-түріңмен.

Бала біткен ойын қызығына тоймайтын,

Кей маскүнем ішуін бір қоймайтын.

Жылы самал айналаны сәл тербейтін,

Жан-жүрегім жалғыз сені бек ойлайтын.

Шақыруда қызығы мол әсем қала,

Жадырауда хош аңқыған дархан дала.

Ыстық күнде бұлдырайды сағым-елес,

Сен – жағасың, мен болайын – ақ шағала.

 Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 1038 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: