19:26
Жеке пікір

Елжандылық hәм отансүйгіштік рух жолы

ПАРТИЯДА БОЛУ САНМЕН ЕМЕС, САПАМЕН АЙҚЫНДАЛАДЫ

Көкірегі ояу, санасы сау әрбір адам азамат атанған соң, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін қыр-қырынан таныта алу даңғылына түсіп, танылуына ат салысары сөзсіз.

Ел қатарлы тірлік етіп жүрген біздер қоғамдағы өз орнымызды екшеу жолында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қатарына өтіп, жетекші партияның белді мүшесіне айналдық. Ал енді осынау мүше болудың маңызын қаншалықты дәреже-деңгейде түсініп жүрміз?

Әрине, партияға мүше болу ерікті. Дегенмен де, «Нұр Отанның» қатарына өз еркімен мүше болуға өтініліп, тиісінше қабылданған әрбір адам азаматтық маңыздылықты да, отансүйгіштік рухты да, елжандылық жауапкершілікті де ет пен сүйегінен өтетіндей сезінуі тиіс. Жай сан толтыру үшін жүрудің қажеті шамалы, халықтық-демократиялық сапа һәм азаматтық-қоғамдық салмақ болатындай болып пісіп жетілгенде ғана партиялық мүшеліктің абыройы асқақтап, өркені өркендемек. Партияға мүше болу тек жарна төлеумен шектелмейді. Партияда тұру партия жүргізіп отырған бағытты орындаумен һәм оған қолдан келгенше ат салысумен ажарланбақ.

Асылында, ел игілігі жолындағы нұротандықтар азаматтық белсенділік қайраткерлік арқылы нұр үстіне нұр болып асылданбақ, пырақтанбақ, тұрақтамақ.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы бойынша «Нұр Отан» ХДП БПҰ хатшысы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

www.shakhibbeker.ucoz.kz

Просмотров: 914 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: