10:29
Лирикалық шегініс

Жүрек шиырлары, сезім шимайлары

Күндегі күйім

Ауыл, аула, боз үйім,

Қанаттанған күндегі күйім.

Кім осыны ұғынар?!

Көңілім асылымды сағынар,

«Қайдасың!» деп жүрек қағынар,

Жүрекке сезім бағынар.

Түндегі ұйқы бұзылды,

Түстің орны қазылды,

Санада жырлар жазылды.

Ойым терең бойлады,

Арман ерен ойлады,

Жанар көріп тойлады –

Жаратқан асыл жүзіңді,

Жүректі жаралар сөзіңді,

Жылуға толы көзіңді,

Жаным сүйер өзіңді...

Үміттенген күндегі күйім.

[      

Күту

Осы сәтті жүрек күтті,

Өткен күнді ысыра.

Бұл мезетті көңіл күтті,

Ғашықтығын жасыра.

Күтті бұны таза сезім,

Сезіктігін жасыра.

Күтті сәтті шыдам-төзім,

Күнді күнге асыра.

Мына күнді жан да күтті,

Жандануын жасыра.

Со мезгілді ой да күтті,

Шабытын қоса, асыра.

Бір үмітім – күту кетпес далаға,

Берік махаббатым өшпес аяулыма.

[      

А...ға

Күннен-күнге көргеннен,

Бет-жүзіңе үнілдім.

Ауызба-ауыз сөйлескеннен,

Жан-дүниеңе үнілдім.

Күз артынан қыс жетті,

Аяз, боранды қыс та өтті.

Қыс соңынан көктем жетті,

Жазды ертіп о да кетті...

Ұнату сезімі марқая жетті,

Желпіндіре сүйек пен етті.

Тірліктің берген асылы,

Жан әлемнің мәңгі жасылы.

Жолдаған Тәңір, ғаламат,

Жүрекке демеу салауат.

Көруге өзіңді – асықтық,

Айтуға тура – жасықтық.

Жүремін санды бір соғып,

Ұялып, тамсанып, домбығып,

Шашылған ойды түйемін,

Асылы, бір өзіңді с...

 ИБРАҺИМ-ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Просмотров: 1009 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: