12:30
БАРЫС, 12(155)-5

Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар.

(Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Шығыр/Қайық/Сия/Трактор/Домбыра/Күн, түн/Айна)

Қысы-жазы үйде тұрады,

Өзі мұзға ұқсайды.

Бетінде сәулесі бар,

Бұл жұмбағым кімге ұнайды.

[      

Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,

Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық,

Жаз болса сары қымыз сапырады,

Шөмішін бір шығарып, бір батырып.

[      

Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар,

Өн бойы бір азамат қағаз жазар.

Қасында құдығы бар тастан соққан,

Суарып қолда сайман пайдаланар.

[      

 Бір базар көшіп келер Мәскеу жақтан,

Білмеймін ауырлығын неше батпан.

Атқанмен оқ өтпейді, қылыш кесіп,

Ішінен барша халық абырой тапқан,

От пен жел, су, топырақ жан жолдасы,

Бірігіп адамзатпен жанын баққан.

Бір іске ашуланса қатты кейіп,

Табандап қарап тұрып мылтық атқан.

[      

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

[      

Алдымен қара тұлпар озық келер,

Арғымақ мойнын созып кейін келер.

Соңынан боз арғымақ басып озып,

Айналып бірін-бірі жүре берер.

[      

Әлі отыр ләйлім құс,

Бері отыр ләйлім құс,

Көлеңкесі күмістен,

Күліп тұрған ләйлім құс.

Просмотров: 1494 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: