12:26
БАРЫС, 12(155)-3

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖОЛ-ЖОРАЛҒЫ

[    Әйелдер қолын жумай мал желінін ұстамайды.

[    Кірдің суын аяқ басатын жерге, көз көретін жерге төкпейді.

[    Күлді баспайды.

[    Жыртқыш, арам құстардың етін жеуге болмайды.

[    Жол, жөн сұрағандарға бағыт сілтейді, жолға салады.

[    Шаршап-шалдыққандарға сусын, тамақ беріп қамқорлық жасайды, тыныс алдырады.

[    Қиын сәттерде жолдасын жолға тастамайды.

[    Дастархан үстінде әбес, былапыт сөз сөйлемейді. Мұндайларға «дастархан үстінде отырмыз» деп ескерту жасайды.

[    Біреудің үйінде ірілік, дөрекілік жасамайды. Ондай жағдайда «шаңыраққа қара» деп зіл айтады.

[    Үкі тағылған, яғни айттырылған қызға құда жібермейді, сөз салмайды.

[    Арақ ішу – жамандықтың тура жолы.

[    Ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне келуіне рұқсат жоқ. Ол әбестік, ұятіс болып саналады.

[    Қазақ әйелі орындықта аяғын айқастырып отырмайды.

[    Ұры, барымташы қылмыс үстінде қаза тапса, оған құн төленбейді.

[    Асарда, үмеде, қолқабыста ешкім еңтегіне ақы сұрамайды.

[    Қарызға алған ұрғашы мал жыл өткен соң төлімен қайтарылады.

[    Әкесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.

[    Ертеде қарабет болған әйелдің бұрымын кесіп жазалаған. Бұрын қазақ арасында бұрымсыз әйел мүлде болмаған.

[    Малдың өрісін, жусауын, тынысын бұзғанға айып салынған.

[    Қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі суықта үсіп өлсе ішікті құн төлеген. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суықтан сақтай алады.

[    Бір кісінің екі қызын қатар әйелдікке алуға рұқсат етілмеген. Егер алған әйелі қайтыс болса екінші қызын алуға болады.

[    Үйге келген кісіге «сен кімсің?» демейді, ықылас білдіріп, төрге шақыру ата дәстүріміз.

[    Қонақтың көлігін мінбейді, ұнамды затын сұрау қазақ әдетінде жоқ, ұят іс болады.

[    Қонақ келгенде үй сыпырмайды, балаларына ұрыспайды, үй иелері ренжіспейді.

[    Қонаққа ренжу ұлт әдетінде мүлде жоқ.

[    Қонақтың киімін кимейді.

Просмотров: 928 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: