12:19
БАРЫС, 11(154)-5

Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар.

(Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Темір/Қайық/Қалам/Трактор/Домбыра/Жайын – бір жыл, 365 ұя – бір жыл ішіндегі 365 күн, 24 жұмыртқа – 24 сағат, бір көбелек – бір ай/Көрік)

Қырық кез оқ,

Қарағай садақ,

Бар белімде,

Қырық дуадақ

Бір арықтан су ішеді,

Ойлап тап бұл сөзімді қапелімде.

[      

Тарыға торғай қонса сақпан біледі,

Түлкіні түнде жортқан қақпан біледі.

Бір жұмбақ мен айтайын, сіз тыңдаңыз,

Сіз құсап шалқасынан жатқан біледі.

[      

Бір ыдыс әркімдерге болған аян,

Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян.

Әркімнің қолында жүр оның суы,

Ол судан ақыл табар барлық адам.

[      

 Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,

Қолы көп сансыз саусақ батырады.

Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,

Жер үстін борандатып шарқұрады.

[      

Келемін жоғарыдан күймелемей,

Он жерден омырауды түймелемей,

Сегіз қыз, сегіз жігіт ән салады,

Япыр-ай не екенін білмедім-ай.

[      

Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Мезгілімен ашылып және жаппақ.

Болғанда бірі қара, екіншісі –

Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.

[      

Егіз екі қарсы келді,

Арасына көк мұз түсе берді,

Біреуі жанды, біреуі жансыз.
Просмотров: 1028 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: