12:16
БАРЫС, 11(154)-3

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖОЛ-ЖОРАЛҒЫ

[    Туыс, ілік адамдар қуанышты, қазалы күндерді бірлесіп көтереді, ат салысады, көмек береді және осы іске араласады.

[    Емге сұраған зат сөзсіз беріледі. Өйткені ол денсаулық, өмір үшін сұрап отыр. Зәру затты «емге сұрасаң да табылмайды» деген сөз осыдан шыққан.

[    Сұрағандарға қарыз беру үлкен адамгершілік. Егер сұраған адам «пайғамбар қарызы» деп сұраса оған сөз айтпай беру керек. Пайғамбарды атағаны оның қатты қысылып тұрғандығының әрі сөзсіз қайтаратындығының белгісі әрі кепілі.

[    «Жылу» жинағанға ел-жұрт көмек береді (мал, ақша т.б.).

[    Иесі сатқан малының сілекейін орамалмен сүртіп алады. «Мал сілекейі» деген бұл ырым мал басы кемімесін, киесі кетіп қалмасын деген қағидадан шыққан.

[    Үйге келген кісіні жылы шыраймен қарсы алады.

[    Ұзатылып бара жатқан қыз артына қарамайды.

[    Біреудің жақыны (әкесі, шешесі, бауыры, баласы т.б.) қайтыс болса, сыйласқан адамдар сол кісіні үйге шақырады. Бұл ұлттың ежелден келе жатқан дәстүрі.

[    Жігіт – қызға, жас палуан – қарт палуанға, жас ақын – аға ақынға жолын береді. Бұл мәрттіктің, қазақтық қалыптың шын белгісі.

[    Көршімен тату тұру жақсы қасиет.

[    Туыс-туған, ілік, жекжаттардан араласып-құраласып тұру ұлттық парыз.

[    Жақын-жуық, дос-жарандарды үйіне шақыру, олар шақырғанда кешікпей бару ежелден қалыптасқан дәстүр.

[    Қарттарға сәлем беру, науқастың көңілін сұрау азаматтық үлкен міндет.

[    Күйеуі қайтыс болған әйел жыл толмай тұрмысқа шықпайды.

[    Нағашы-жиен, жезде-балдыз жарасты әзілдесіп, қалжыңдасып отыруы ежелгі әдет.

[    Екіқабат әйелден айырылыспайды, сол сияқты ондай әйелмен некеге Әйел босанғаннан кейін рұқсат етіледі.

[    Үлкен кісілер жақсы көрген жасты арқасынан қағатын ғұрып бар.

[    Баласына қалыңдық іздеген ата-ана әулетінде ұрпаққа зиянды, тұқым қуалайтын ауруы жоқ отбасына ғана құда түседі.

[    Жұқпалы ауру, қояншық, алапес дерттерінен өлген адамдарды оқшау жерлеген.

[    Қайтыс болған ұлының әйеліне атасының үйленуіне жол жоқ.

Оң жақта отырып екіқабат болып қалған қыз қалыңсыз беріледі.
Просмотров: 1036 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: