12:10
Лирика-18

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Абзалы 

Абзалы, дәурен мәнді махаббатпен,

Ықылымнан бұл пәнидің тұздығындай.

Сырласамыз оңашада табиғатпен,

Келбетің ыстық күннің сағымындай.

Абзалы, өзіңдағы терең тамыр,

Жас өскіндей самалменен тербелесің.

Асығыспен келді тағы майда мамыр,

Сен ғой, жаным, айырықша гүлденесің.

Абзалы, аспан сәнді жұлдызбенен,

Жоғарыдан жарық сыйлар неше мәрте.

Таныспын мен бек ажарлы ару қызбен,

Қосар тағдыр қос жүректі кеш я ерте.

Абзалы, сен ғой бейне биік арман,

Зымыраған жарық сәуле жеткізбейтін.

Желмен бірге жайқалады сирек орман,

Ертіс, міне, ағынымен жеткізбейтін.

Абзалы, жалған жарын ғашықтықпен,

Әрқашан қуат берер тұла-бойға.

Жасамайық қате адым асығыспен,

Кетпелік жәнедағы түпсіз ойға.

[       

Түскен сәуле

Түскен сәуле

Жарық сыйлар,

Маң-айналасы

Шын атойлар:

тірілер гүл,

қалықтар күл,

жылтырар су,

бұрқырар бу,

сыланар қу,

ажарланар ту,

еркелер жел,

жадырар ел,

жайнар бел,

тоқтар сел,

айқындалар тұс,

қиқулар құс.

Шын ажарланар

Сенсің, жарқын,

Жарық сыйлар,

Түскен сәуле.

[       

... неге?

Сезіміңді сыйламайсың маған неге?

Екеуара келелік біз ортақ жөнге.

Тәулік біткен жылжып жатыр тынымсыз,

Бас ұрайық қанаттанған ынтық сезімге.

Өзімізді біз қинаймыз осы неге?

Ұқсатайық осы сәтті еркін желге.

Аққан құмдай тұрақтамас сәт әм мезгіл,

Сәуір кетіп, мамыр жетті біздің елге.

Шын ашыла елемейсің мені неге?

Өзіме сең, сенбесең де өлең сөзге.

Зуылдаған зымырандай мына заман,

Сүйе алмасам, сүйе білсін сені өзге.

Жұмбақтайын жасырасың сырды неге?

Мен байландым өзіңдегі жан һәм тәнге.

Сіңіп жатыр бейне судай күн менен түн,

Бар арманым – бір басайық өмір-әнге.

Ұзағынан шырмап жатыр сұрақ «неге»,

Өзің, жаным, өзегімсің, жоламасын өзге.

Батып жатыр бейне тастай минөт-сағат,

Асылы, қиялық біз заңды неке.

[       

Менің арманым – сені құшу

Ақ қағазға

қалам серік,

Махаббатым

саған берік,

Дастарханда

қара өрік,

Сүйем сені

еркін, ерік.

Сен ғой, жаным, мөлдір қайнар,

Пәк әм таза айналасы.

Сенсің, жаным, жайлы арна,

Гүл-гүл жайнар сай-саласы.

Қыран арманы

биік ұшу,

Балғын-бала

ойнар у-шу.

Мынау – Ертіс,

Алыста Шу,

Менің арманым –

сені құшу.

[       

Жүрегімнің төрінде

Жүрегімнің төрінде сен орнықсаң,

Сезіміңді шын жүректен арнасаң.

Онда мен жүрер ем жаз жадырап,

Өмір – мәнсіз, бұл пәниде сен болмасаң.

Жүрегімнің төрінде сен билесең,

Самал тербер тал шыбықтай иілсең.

Думандатар онда жаным өкінбестей,

Жаңғырар-ау жүрегім, әсем күлсең.

Жүрегімнің төрінде сен жайнарсың,

Құмарыңмен, құштарыңмен бек қайнарсың.

Алаулатар жан-тәнімді наз болмысың,

Еркелей тұла-бойымда мәз ойнарсың.

Жүрегімнің төрінде сен гүлдерсің,

Қуатыма қуатыңды әм берерсің.

Тулай атқыр пырақтанған шабыт онда,

Өзің, жаным, өзіме ілесе ерерсің.

Жүрегімнің төрінде сен ұйықтарсың,

Есіней жайғаса жайлы жатарсың.

Бесіктейін тербер сені ынтық жаным,

«Жаным» дей құшағыңа мені тартарсың.

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 989 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: