13:16
Лирика-15

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Аружан

Сол елдің,

сол мекеннің

белгілі әсем көшесінде

бет-ажары нұр шашатын,

сағына келгенде құшағын ашатын

аружан бар, мен аңсаған.

Көзінде,

я жанарында,

қызғалдақтай ажарында

мін таппассың,

сын айтпассың.

Аружан бар, мен сағынған.

Жүрісімен,

я тұрысымен,

әлде наз отырысымен

жан-тәнімді баурайтын,

жүрегімді бек жаулайтын

аружан бар, мен қалаған.

Аружан, жүрегімді жаралайсың,

Мен көкжиек болғанда, сен – арайсың.

[       

Нұрыма

Күн нұрына зәрудей-ау сәуір-көктем,

Салқын-суық жасап жатыр бұған өктем.

Жан-жүректі жылытатын сенсің, нұрым,

Сәулеңменен шалғайларға еріп кетем.

Сұр бұлттар көрсетпейді аспан жүзін,

Ұсынғандай жыл мезгілі мезгілсіз күзін.

Жан бағыма өскін берер сенсің, нұрым,

Қыс ызғары жасырғысы жоқ аз-маз ізін.

Таңсәріде шалшық беті мұз боп қатқан,

Ерке Ертіс сең жүргізбей ұйықтап жатқан.

Жан отауыма нәр тамызар сенсің, нұрым,

Дәстүрінше таңды ауыстыра таң атқан.

Асықпауда сан тоғайлар бүр жаруға,

Қыстан арылған айналаға жапырақ сыйлауға.

Жан дарияға қу боп қонар сенсің, нұрым,

Бар арманым – бір өзіңе жар болуға.

Түн ішінде әлсіз аяз қылаң берген,

Суық жел мана аязбен бірге ерген.

Жансаяма ләззат болар сенсің, нұрым,

Неткен ғажап артық туған сені сүйген!

[       

Асыл   

Асыл тас

жалт-жұлт еткен қалыбымен

көз-жанарды

магнит құсап баурайды.

Асыл түс

жанға жайды мазмұнымен

ұйқы үрдісінде

заңды жалғасын қалайды.

Асыл ән

өмірлік мәнді мәтінімен

тындарман көңілінде

ұзағынан, ұзын сайрайды.

Асыл сөз

жүрекке жағар мәніменен

санасы саудың сезімінде

асқақтаған үмітті қайрайды.

Асыл жан

ашық ғашық ынтығымен

өлердей ғашықтың жүрегінде

әртүрлі гүл боп қаулайды.

[       

Назеркем  

Жүрегімнің төрін назеркеме арнадым,

Махаббаттың пәктігін мен қолдадым.

Аспан мен жер арасына назар салып,

Назеркеме дұғай сәлем жолдадым.

Сенсің жалғыз – өмірімнің әлдиі,

Сенімен жарасты ғұмырымның наз биі.

Ағынды өзеннің аржақ, бержақ жағасында,

Көзге жылы ұшырайды назеркемнің үйі.

Мен түземін қара сөзден жай өлең,

Мағынасы селт еткізбес, алаң-елең.

Ғашықтықтың шыңырауына терең бойлай,

Кезудемін тігінен әм көлденең.

Сен ғой, жаным, сезімімнің сәулесі,

Арманымның адыр, асу, белесі.

Талай жолдар тоғысына зер салып,

Өзіммен бірге назеркемнің елесі.

Жанымның төріне назеркемді қондырсам,

Сезімімді жалықтырмай жаудырсам.

Аяулымды өбеп, елеп, аймалап,

Назеркеме ғұмырымды бек арнасам.

[       

Шақырады жол

Көруге сені,

Сезуге сені

Шақырады жол

Ілгері мені.

Ұқсатып талға,

Толқынды жалға

Шақырады жол

Созыла алға.

Асфальтты тасты,

Жиектей тасты

Шақырады жол

Сыққызып жасты.

Ағаштар тізбек,

Шалшық су, өзек,

Шақырады жол

Жетуге тезірек.

Ен дала серік,

Автокөлік берік,

Шақырады жол

Азат та ерік.

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 983 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: