13:12
Лирика-12

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Осы түнде

Түн ішінде көз ілмей мен отырмын,

Дауысың ғой құлағымда жаңғырады.

Демің-дағы бойымды жылытады,

Жан мен тәнің көз алдымда тұрады.

Күзетшімен осы түнде болдым дос,

Әңгімесін қызықты ғып айтады.

Сұрақтарды суытпай-ақ қояды,

Бірақ жаным сені ойлап тояды.

Ұйықтап жатыр, сергуде бар тіршілік,

Ауық-ауық иттер ғана үреді.

Аспанда жұлдыздар көшіп жүреді,

Қос жанарым жүздесуді күтеді.

Қараңғы түн. Өліара. Тыныштық.

Жұлдыздар көп. Ертең болар күн ыстық.

Осы түнде болмасыншы небір қастық,

Махаббатым, қалқам-ай, өзіңе ынтық.

Түн сейіліп, арайлана таң атар,

Қатып жатқан бар тірлік жібиді.

Неше құстар күзгі самалмен гулейді,

Жан-жүрегім аңсарымды іздейді.

[       

Сезімі бар сол ару

Түн сейіліп, біраздан соң таң атар,

Сарғайған шөп мөлдір шықтың дәмін татар.

Арайлымды бір көруге үміттене,

Сағынышым Ертістен ары асу асар.

Қызара атқан Күн жарықтық нұрланар,

Осы күйім өзгелерден тұлданар.

Наз үніңді бір естуге құмарта,

Әсем дауыс құлағымда жаңғырар.

Күн қызуы кеміп барады әлсін-әлсін,

Ақтық сынның қандай боларын кім білсін?!

Ыстық деміңді бір сезуге құлшына,

Ынтық жүрегім қанша жүрерін кім білсін?!

Күн таусылар, оның орнын түн басар,

Қараңғылық патшалығы қақпасын ашар.

Өзіңді іздеп, көрісуге тым асыға,

Сені аңсаумен ұйқым-дағы тағы қашар,

Қанша созылсаң, жұлдыз, сірә, жеткізбес,

Жарығымен қызықтыра ыңғай бермес.

Ақылына әр қадамын бағындырған,

Сезімі бар сол аруым жай жүрмес.

[       

Қайран жүрек  

Қайран жүрек шыдап бағар барлығын,

Бұл уақыттың тым аздығын, тарлығын.

Ертеңгіге зор үмітпен зер сала,

Орнататын іс жүзінде жарлығын.

Сырт-сырт еткен сағат тілі тынымсыз,

Күйбеңдікке толы күндер мардымсыз.

Бір жарықтық қарқ етері белгілі,

Қайран жүрек соны бағар тынымсыз.

Боранды да аязды қыс билігі орнады,

Қарменен жамылмаған жер қалмады.

Түбінде жылу келер жадыралы,

Қайран жүрек қанаты еш талмады.

Ауыл жатыр тірлігімен жар басында,

Ертіс-дария мұз боп қатты арнасында.

Қатты мұзы көк жақұттай жарқырайды,

Қайран жүрек соғуда дене қуысында.

Будақ түтін шығып жатыр мұржалардан,

Жел еседі ойда жатқан тоғайлардан.

Орман іші тым-тырыс, өліара,

Қайран жүрек үміт күтер күн-айлардан.

[       

Бәз біреулер махаббатты...

Бәз біреулер махаббатты у дейді,

Содан болар түбіне дейін ішпейді.

Алданышқа әуелден-ақ беріп ерік,

Сондай қиын қиындығын кешпейді.

Бәз біреулер махаббатты сезбейді,

Арамдары бір мақсатты көздейді.

Өздігінен сұр аспандай тұнжырап,

Сол шіркіннің бар бояуын езбейді.

Бәз біреулер махаббатты түсінбейді,

Оның мәнді мағынасын менсінбейді.

Жылтыраған дүниямен баурап ала,

Жуырда болр жақсылығына ғой сенбейді.

Бәз біреулер махаббатты елемейді,

Ай астында қос жүрек билемейді.

Тиіп-қашып, арагідік, анда-санда,

Шындығында гүлденуін тілемейді.

Бәз біреулер махаббатты құн дейді,

Қайсыбірі ол шіркінді құл дейді.

Қара түнде күміс Айы ептеп батқан,

Қайсыбірі махаббатты нұрын шашқан Күн дейді.

[       

Қарағым

Нәзіктіктен, әсемдіктен жаралған,

Алтын Күннің сәулесімен таралған.

Айдай ауызды, Күндей көзді қарағым,

Сенен асқан, сендей болар бар ма жан?!

Сондай жұмсақ, әп-әдемі жібектейсің,

Бір көргеннен – бір өзіңе еліктейсін.

Қызғалдақтай құлпыратын қарағым,

"Сүйемін» деп қашан ырық берерссің?!

Сұлулықтың, көркемдіктің шын елесі,

Қазағымның қадір тұтқан әз киесі.

Бойы сәнді, ойы мәнді қарағым,

Жақсылық әкелер ме күн келесі?!

Естіліктен, саналылықтан қуат алған,

Естен кетпес көріктігі – шын, емес жалған.

Ел сенімін бек сақтаған қарағым,

Ертелі-кеш махаббат жолында кім қалмаған?!

Найзағай, асыл тастай жарқырайтын,

Әуендеткен тау суындай сарқырайтын.

Саз-әуезді, наз кербезді қарағым,

Күн болар ма тек өзіңе қарайтын?!

 Ибраһим-Шаһмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 1037 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: