09:36
БАРЫС, 10(153)-2

ЕЛ және ЕГЕМЕНДІК

 (соңы, басы өткен сандарда) Нұрсұлтан Әбiшұлының әлемнiң зиялы қауымының, ғылыми-педагогикалық интеллигенциясының үлкен құрметiне бөленген ғұлама қайраткер екенiне әлденеше рет көз жеткiздiм. Соның бiрi М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттiк университетiнiң Ғылыми кеңесiнде өттi. Ғылыми кеңес залында Москва университетiнiң әлемдi аузына қаратқан атақты ғұламалары иiн тiресiп отыр. Бiр кезде залға Қазақстан Республикасының Президентi кiрдi. Сол-ақ екен бүкiл зал дүр көтерiлiп, ду қол шапалақтап, Нұрсұлтан Әбiшұлына шынайы құрметтерiн көрсеттi. Сол сәт менiң көз алдыма атақты физик, академик П.Л.Капицаның А.Ф.Иоффе атындағы Ленинград физика-техникалық институтының ғылыми кеңесiне келген кезi елестедi: ғылыми кеңес залында әрқайсысы өзiнше бiр құдай секiлдi ғұламалар орындарынан бiр сәтте дүр көтерiлiп, ғалымды үлкен құрметпен қарсы алды. Екi көрiнiс. Екеуi де бiрдей. Айырмашылық Москва мемлекеттiк университетiнiң ғұлама ұстаздарының әрқайсысы бiр Капица екендiгiнде. Нұрсұлтан Әбiшұлы жан-жағына шуақ шашып, залға кiрiп келгенде, бүкiл Мәскеу зиялылары орындарынан бiр сәтте дүр көтерiлiп, Қазақстан лидерiне қол соғып құрмет бiлдiруi менi Қазақстан үшiн, Қазақстанның Президентi үшiн мақтаныш сезiмiне бөлеген тағы бiр айрықша сәт болғанын жасыра алмаймын. Осы мәжiлiстiң соңында Москва мемлекеттiк университетiнiң ректоры Виктор Садовничий Қазақстандағы прогрессивтiк жаңарулар халықтар арасындағы достықтың дамуында зор үлесi бар заманымыздың саңлақ мемлекет қайраткерi әрi көрнектi ғалымы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты екенiн атап өттi. “Қазақстан лидерi – әлемдегi аса құрметтi мемлекет басшыларының бiрi”, – деп түйiндедi ол өз сөзiн. Москва мемлекеттiк университетi Нұрсұлтан Әбiшұлын әлемдегi аса құрметтi мемлекет басшыларының бiрi ретiнде қабылдаумен қатар әлемдегi ең алдыңғы қатарлы ғұлама, кемеңгер тұлға деп те таныған едi. Мемлекеттiң жетiстiгi мемлекет басшысының ел бастау қабiлетiнiң айрықша жоғары деңгейдегi қызметiмен тiкелей байланысты. Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiнiң бәрiне де Н.Назарбаевтың тiкелей бастауымен қолымыз жеттi. Қазақстанның тәуелсiз даму бағыттарындағы табыстарымыздың бәрiнде де Елбасының ақыл-ой қуатының, алақан табының iзi бар. Елiмiзде Елбасының назарынан, ақыл-ой қуаты мен жүрек қызуынан тыс бiр де бiр салада да алға басу болған емес. Оның үстiне мемлекет басқару iсiнде Н.Назарбаев жеткен тұтастыққа, iшкi тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еларалық ынтымақтастыққа, саяси-экономикалық даму қарқынына Қазақстанның арғы-бергi тарихында бiр де бiр қайраткер жеткен емес. Ойлауының ауқымдылығы мен айқындығы, стратегиялық тұжырымдары мен ұстанымдарының жүйелiлiгi ңәм тегеурiндiлiгi, iшкi және сыртқы саясатының ашықтығы мен нәтижелiлiгi жағынан Қазақстан Президентiмен тең түсердей көреген мемлекет басшысы, М.Тэтчер айтқандай, жер-жаңанның өзiнде бiрен-саран ғана. Қазақстан Президентiнiң әлемдiк саясат көгiнде жарқырап тұруының негiзi оның табиғат дарытқан көрегендiгi, көсемдiгi, даналығы секiлдi қасиеттерiнде. Ал Елбасының бұл қасиеттерiне жарық пен жылу, күш пен қуат берушi – оның елiне, Отанына деген оттай ыстық, мөлдiр сүйiспеншiлiгi. Егемен елiмiздiң, қаңарман халқымыздың бақ-дәулетiнiң артуы, құт-берекесiнiң өсуi, ырысының тасуы Елбасымыздың жасампаздық қызметiмен тiкелей байланысты. Сондықтан да тәуелсiз мемлекеттiгiмiздiң бастауында тұрған әрi өзiне халық алдында ел тағдыры үшiн жеке дара жауапкершiлiк алған Елбасының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңаруы, әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруi жолындағы бастамаларын қолдап, олардың iске асырылуына лайықты үлес қосу – бiздiң әрқайсымыздың басты мiндетiмiз. “Атқарылған iстiң бәрi көзге көрiнбеуi, жеңiл жасалғандай болуы мүмкiн. Алайда бәрiн басынан бастап, Қазақстанды бүгiнгiдей даму деңгейiне жеткiзудiң орасан зор мiндетiн орындау оңай жұмыс еместiгi анық. Ал Назарбаев болса, бұл мiндеттi тамаша атқаруда”. “Қазақстан – өңiрдiң өзегi саналатын ел. өзiнiң тату көршiлiк саясаты арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың Орталық Азиядағы тұрақтылық факторына айналуы үшiн айтулы үлес қосты”. “Қазақстан халқы Сiздiң басшылығыңызбен ұлттық тәуелсiздiктi нығайту, әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық экономиканы жаңғырту, өңiрлiк ынтымақтастықты бекiту iсiнде жаңа да толымды табыстарға қол жеткiзгендiгiн қуанышпен атап көрсетемiн”, “Қазақстанның экономикалық нәтижелерi айрықша әсер еттi, сондықтан бiз Сiздiң шағын және орта бизнестi дамыту және Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiне қол жеткiзу жөнiндегi күш-жiгерiңiзге қолдау бiлдiру үшiн АҚШ-тың Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi арқылы Сiзбен жұмыс iстесудiң жақтаушысы болып қаламыз. Сiздiң елiңiздiң тұрақтылығы мен өркендеуi өңiрдегi басқа елдер үшiн үлгi болады”
Просмотров: 947 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: