10:56
Лирика-3

Жүректен – жүрекке (таңдамалы)

Сені сүйер адам барын ұмытпа

Аспаннан қар жауса да тынбастан,

Көп болса да жұмыс, асып бастан,

Келмесе де хабар-ошар батыстан

Сені сүйер адам барын ұмытпа.

Табылса да жора-жолдас қасыңнан,

Дәм татса да қонақ-мейман асыңнан,

Күйбең тірлік азаймаса да басыңнан

Сені сүйер адам барын ұмытпа.

Келсе-дағы туған-тамыр алыстан,

Болса-дағы сый-жоралғы туыстан,

Кетсе-дағы сәт пен бақ қос уыстан –

Сені сүйер адам барын ұмытпа.

Өлер түбі қайран қоян қамыстан,

Ерлік жасар ер-баһадүр намыстан,

Жетер сірә көктем лебі алыстан

Сені сүйер адам барын ұмытпа.

Табылар бір бақытты жаныңнан,

Жоқ қой әсте қадірлі ас асқан наннан,

Асылданған айналайын жаныңнан –

Сені сүйер адам барын ұмытпа.

* * *

Жүрегің – гүл

Жүрегің – гүл.

Әлде раушан, әлде қызғалдақ,

Әлде жарасымды түймедақ,

Әлде болар жауқазын,

Алатын көздің жауын,

Әлде лала, бәйшешек...

Жүрегің гүл.

Мен болайын ала ара,

Құшайын сені жеке, дара,

Мені тілей тұр да қара,

Жиған шырының бойға тара...

Гүлімсің – сен, ал мен ара.

Жүрегің – гүл.

Ақ сүттей кіршіксіз, таза,

Жүрегімнен әуелден кетті маза,

Әсем де наз ажарың,

Әсел де мәз шынарың...

Жар болсаң – ғұмыр, болмасаң – қаза.

* * *

Тағдырым

Тағдырым, ұлықташы үлбіреген үкілімді,

Керек емес, қаламаймын өзіңнен басқа ешкімді.

Мейілі аяз қысып, соқсын боран,

Асылы, жас өскіндей сен сүйкімді.

Тағдырым, жақындатшы үлпілдеген жүрегін,

Тәңірімнен сол ғой анық бек тілеген тілегім.

Түркі үшін әрі ортақ, әрі жауһар,

Тұлғасымен мәңгі үлгі Тұмар патшайым, Күлтегін.

Тағдырым, әуездетші үрлемелі аспабымды,

Сәл де болса ұялатшы осы күнгі бабымды.

Күннен-күнге дендеп тұрған бұл күйім,

 Жан аңсаған орындашы талабымды.

Тағдырым, көрсете көр сұлуланған асқарымды,

Ілгерілет адымымды қадау-қадау қарымды.

Қыран біткен биіктерге сондай құмар,

Асылыма тапсырдым мен тағдырымды.

Тағдырым, сездіре түс сырға толы сезіктімді,

Қыс соңынан қатты күтем мен көктемді.

Аулаңа өз ауламнан көп қараймын,

Сүйем сені, сүйермін мен енді кімді.

* * *

Үш аяқ

Ашық жүрек.

Жүрек ғашық.

Ғашық сондай өзіңе.

Адал сезім.

Сезім ынтық.

Ынтық қатты өзіңе.

Ынтызар жан.

Жаным асық.

Асық жалғыз өзіңе.

Ұйқылы көз.

Көзім гүлдеді.

Гүлдедім нұрлы өзіңмен.

Аязды қыс.

Қыс – береке.

Берекесің өзіме.

Келер көктем.

Көктеммен жаз.

Жуырда, қаласа Тәңір, болармын өзіңмен.

* * *

Жаным-ау, шын сүюді сен үйреттің

Өмірдегі биші болған періштем,

Бір өзінсіз еш қызықсыз күй кешем.

Сұлу қыстың сан күн-түні созылуда,

Сәт сайын бар күткенім әсем көктем.

Бағалаймын үлгі болар нұр тұлғаңды,

Тағалаймын алға бастар тұлпарымды.

Тайға таңба басқандай енді айқын,

Өмірде тапқандаймын асыл жарымды.

Сен ренжіме, шын өзіңді сүйеріме,

Ынтықтықтың от-өртіне күйеріме.

Тұмардай сенсің мені сақтап жүрген,

Уа Тәңірім, қолдау көрсет тілеріме.

Байрағын Махаббаттың желбіреттің,

Болашақтың мәнділігін баян еттің.

Жүре алман сені сүймей бұл жалғанда,

Жаным-ау, шын сүйюді сен үйреттің.

Сары аязда жапырақша сарғайдым,

Жүрегімде жыралар ойдым-ойдым.

Елестете ақық біткен жан-тәніңді,

Өзің жайлы міне өлең жазып қойдым.

 

Ибраhим-Шаhмантегі Бегімхан Керімханұлы
Просмотров: 981 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: