09:41
БАРЫС, 10(153)-5

Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар.

(Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Сыпырғыш/Жел қайық/Қалам/Поезд/Домбыра/Жыл, жаз, қыс/Тұтқыш)

Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,

Ішіне қызыл бояу оны салдым,

Қызарып ол бояудан шығып еді,

Ұрғанда созылады қайран қалдым.

[       

Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,

Өзінің аяғы жоқ бір мақлұқ.

Жаз болса көк шалапты сапырады,

Шөмішін бір шығарып, бір батырып.

[       

Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға,

Саламын жорғалатып жолдан жолға.

Найзамен қар үстіне суды құйып,

Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.

[       

 Қара атан тынбай жүріп ақырады,

Артынан ертіп алып төрт-бес жанды.

Қыртысын қара жердің қақ айырар,

Күшті де көріп пе едің мұндайларды?

[       

Бір ағаш, бір ағаштан жорға болды,

Оның да жорғалығы зорға болды.

Арқанмен бас аяғын байлап қойып,

Бір қарға соққылады онды-солды.

[       

Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек,

Ұясы үш жүз алпыс, бөлек-бөлек.

Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап,

Ақ, қара қанаты бар, бір көбелек.

Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек,

Таусылып алмағайып қайтып келмек.

Әлемде алты арыстан ысқырғанда,

Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек.

Айтуға сонда қиын болғанмен де,

Тұрады барлығын да заңы билеп.

[       

Өзінің жалғыз аузы бар,

Лебімен от шайнайды.

Гүрілдеп демін алғанда,

Алтын ұшқын ойнайды.

Ағаштан күйген ас жейді,

Шайнайды қара тас жейді,

Адамның қолы тигенде,

               Еңсеріле дем алып,

                              Кезек-кезек үрлейді.
Просмотров: 1179 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: