09:37
БАРЫС, 10(153)-3

САЛТ-ДӘСТҮРДІ САҚТАУ ХАҚЫНДА

[    Қызы босанғанда анасы кәде-жорасымен барып, қызының жанында болып, ақыл-кеңес береді.

[    Әкеңнің ағасы саған да әке болып саналады. Әкеңнің құрдасын да әке деп қабылдауың керек.

[    Жылқыны жүгенмен ұрмайды. Өйткені жылқы қасиетті мал, малдың басы кемиді.

[    Басқа малдай емес жылқының басын бөлмей пісіреді. Асқа, жаназаға сойылған жылқы мен түйенің басын қайтыс болған кісінің қабіріне апарып қоятын дәстүр де бар.

[    Қазақ әйелдері барған үйіне құр қол келмейді. Сол сияқты отанасы да оны бос жібермейді, сый-сияпат ұсынады.

[    Қазақ қонаққа келген үлкен кісілерге сый-сияпат, балаға көгендік беріп аттандырады.

ОТБАСЫНДАҒЫ ЖОЛ-ЖОРАЛҒЫ

[    Жеті атаға толмай некеге рұқсат етілмейді. Бұл ұлт дәстүрінде туыстық қалыпты сақтау, қоғамдық істерде ұрпақ денсаулығының жақсы болуы үшін жасалған.

[    Бұрын жалғыз ұл соғысқа алынбаған. (Бұл шаңырақты сақтау үшін белгіленген).

[    Баланың кіндігін кесу инабатты, әйелдерге тиген.

[    Жиеннен нағашының жолы үлкен. («Нағашымен күрескен жиен жығылады» деген осыны білдіреді).

[    Өртте, індетте, апатта мал-мүлкі шығын болғандарға бүкілауыл, туған-туыстар міндетті түрде көмек көрсетеді. Адамдардың ынтымағы осындайда көрінеді.

[    Сырттан қосылған малды ел-жұртқа хабарлайды. Мал иесі сүйіншісін малын әкетеді.

[    Араздасқанды ел ағалары (ақсақалдары) татуластырады.

[    Үйге келгендер қамшысын екі бүктеп ұстайды.

[    Оттың орнын аттамайды.

[    Қарашаңырақ кенже ұлға қалады. Әке-шешені бағу да осы кенженің міндеті.

[    Үйленген ұлдарға әке-шеше енші беріп, бөлек шығарады.

[    Енші алған балалары әке-шешелеріне, жақын туыстар, үлкендеріне қыстан сыбаға жібереді.

[    Жиендік жасап, «жиенқұрық» алып кеткендерге ренжу дәстүрде жоқ.

Асарға, үмеге шақырғанда қалыс қалу өте ұят.
Просмотров: 949 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: