12:26
БАРЫС, 09(152)-5

Құрметті оқушылар! Газеттің әр санында беріліп отыратын жеті жұмбаққа тапқырлығына қарай дұрыс не соған жетеғабыл жауап берген оқушыға ұтыс сыйлығы тағайындалады. Жауаптарыңды дәптердің парағына жазып, көрсету керексіңдер. Тек бір өтініш: стендтегі жылтыр файлдық бетке қаламсаппен жазбаңдар.

(Өткен сандағы жұмбақтардың жауаптары: Сыпырғыш/Көпір/Қалам/Поезд/Домбыра/Мұны тапсам, ойланып ақын деңіз, Таба алмасам ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пенен жамандық – болар егіз/Сыпырғыш)

Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.

[     

Тап-тап табаны ақ,

Табаны жалпақ қоян ақ.

Басып кетсе ізі жоқ,

Бауыздаса қаны жоқ.

[     

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып.

[     

 Ойланып мен жұмбақты енді жазам,

Дүниеде бар бір күшті қара қазан.

Үстіне жанды-жансыз толған мүлік,

Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.

[     

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,

Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.

Күніне жалғыз бекет жерді аралап,

Он жігіт тынығады әрең сонда.

[     

Басына биік таудың бітеді раң,

Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.

Қолына өткір семсер қылыш алып,

Шығады аң аулауға салып ұран.

Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,

Дүниені кетпекші емес түгендемей,

Астында екеуінің аты да бар,

Құрығы шолақ болған бөгендемей.

[     

Екі басы жұдырықтай,

                                                                           Ортасы қылдырықтай.  
Просмотров: 992 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: