12:24
БАРЫС, 09(152)-2

ЕЛ және ЕГЕМЕНДІК

 (жалғасы, басы өткен сандарда) Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн сақтау мен нығайтуда, әлемдiк геосаяси ахуалды ырықтандыруда, елiмiздiң өмiрлiк мұраттарына жету жолында, iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын қамтамасыз етуде, шетел инвестицияларының деңгейi жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсу қарқынын арттыруда, Қазақстан азаматтарының денсаулығының, бiлiмi мен әл-ауқатының артуы үшiн қажеттi жағдай жасауда, энергетика ресурстарын, инфрақұрылым, көлiк және байланыс желiлерiн дамытуда, мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасауда қол жеткен табыстарымыз бен жетiстiктерiмiз әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң басшылары тарапынан жоғары бағаланып отыр. Тәуелсiз Қазақстанның экономикалық, саяси табыстары мен жетiстiктерiн әлем саясаткерлерi Ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретiндегi кемелдiгiмен, кемеңгерлiгiмен байланыстырады. Бiз мұндай тұжырымға толық қосыламыз. өйткенi Елбасының егемендi елiнiң тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасып, дамуына, Қазақстанның кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және экономикалық реформалар жүргiзуiне, өз өңiрiнде көшбасшыға айналуына сiңiрген ерен еңбегi бар. Ұлыбританияның 1979 – 1990 жылдардағы Премьер-министрi Маргарет Тэтчер 1992 жылы: “Қазақстан басшысы – әлемдегi 5 – 6 үздiк саяси қайраткерлердiң бiрi”, – дедi.
Ол тұста бұл сөздiң тереңiнде жатқан ақиқат шындықтың мәнiн бiреу түсiнсе, бiреу түсiнбеген-дi. Бүгiнде бұл шындыққа әлемнiң iрi мемлекет қайраткерлерi түгелдей көз жеткiздi. “Қазақстанның экономикалық нәтижелерi айрықша әсер еттi, сондықтан бiз Сiздiң шағын және орта бизнестi дамыту және Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiне қол жеткiзу жөнiндегi күш-жiгерiңiзге қолдау бiлдiру үшiн АҚШ-тың Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi арқылы Сiзбен жұмыс iстесудiң жақтаушысы болып қаламыз. Сiздiң елiңiздiң тұрақтылығы мен өркендеуi өңiрдегi басқа елдер үшiн үлгi болады” (2004), – деп мойындады АҚШ Президентi Дж. Буш. Дж. Буштың барынша салқынқанды айтқан осы бiр сөзi шындық құбылыстың оның көзiне көрiнген қырын ғана танытып тұрғанын ескеруiмiз керек. Шынтуайтында мұның арғы жағында неше алуан қайшылықты оқиғалар, ахуалдар, факторлар, адам тағдыры, өңiр қауiпсiздiгi... жатыр. Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция басшыларының тарапынан Қазақстан Президентiнiң қызметiне, Қазақстанның жетiстiктерiне жоғары баға берiлдi. Ұлыбританияның бүгiнгi премьер-министрi Энтони Чарльз Линтон Блер Қазақстан Президентiне: “Қазақстанның алдында тамаша болашақ бар. Ұлыбритания екi ел арасындағы өзара қарым-қатынасты бұдан да гөрi нығайта түспек”, – деп телеграмма соқты. Ресей басшылығы Қазақстанды өздерi үшiн ең жақын ел, тiптi бiрден-бiр адал серiктес ретiнде таныды. ГФР-дiң 1974-1992 жылдардағы Вице-канцлерi Г.Геншер: “Президент Назарбаев қиын-қыстау кезеңде қарама-қарсы екi жақтың басын қосу үшiн батыл бастамашылықтар ұсынды. Бұл өте үлкен дүние, мұның өзi Қазақстан Президентiнiң жауапкершiлiгi мен мемлекеттiк даналығының жоғары деңгейiн тағы да дәлелдеп отыр” (2002 ), – деп ағынан жарылды. Осы орайда мен Рим католик шiркеуiнiң архиепископы Томаш Пэта айтқан мына сөздерде үлкен шындық қана емес, үлкен қуат бар деп бiлемiн: “Сiрә, Құдiреттiң өзi бұл ойды Сiздердiң Президенттiң қаперiне салған тәрiздi. өйткенi барлық жақсылық Жаратқаннан таралады ғой... Ендiгi жерде Қазақстан руханиятты түлету арқылы, түрлi ұлттарды, мәдениеттер мен халықтарды таныстыру арқылы, бiр-бiрiн құрметтеу арқылы бiрiгу жолын көрсетiп отыр” (2003). Бұл сөздерде терең мағына бар. Оны түсiне бiлу өзiмiздi өсiрумен қатар елiмiздi де биiктете түседi.Әдетте мемлекеттiң стратегиялық даму мәселелерi туралы еңбектер мейлiнше жалпы мәселелердi қамтып, ежелден қалыптасқан қағидаларды басқаша негiздеумен ерекшеленетiн.
Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатынын және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнiн аңғардым. Мұндай қарымды ғылыми жаңалықтардың тұтасқан жүйесi мен шешiмдердiң дүниеге келуi, мемлекеттiк басқару iсiнде пайдаланылу процесi Елбасының мемлекет басшысы ретiнде атқарып келе жатқан көпқырлы, көпсалалы қызметiнен де, мемлекеттiк басқарудың түрлi салалары мен бағыттары бойынша жазылған ғылыми және ғылыми көпшiлiк сипаттағы кезеңдiк еңбектерiнен де байқалады. Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда Нұрсұлтан Әбiшұлының өзiм күнделiктi қолыма ұстап, мәнiне үңiлiп, үңiлген сайын жаңа мағына тауып отырған зерттеулерiнiң қатарынан бiр топ еңбектi ерекше бөлiп көрсеткiм келедi: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005). Көрсетiлген еңбектерде Елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары менi ғана толқытпай, елiмiздiң барша зиялы қауымын, Қазақстанның әрбiр патриотын үлкен тебiренiске түсiретiн болар, Елi мен Елбасы үшiн мақтаныш сезiмiне бөлер деп ойлаймын.  (жалғасы бар)

Просмотров: 1114 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: